
Қорғаныс министрлігі ҚР Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.
Жобада жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін шақыру мен запасқа шығаруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы көзделген.
Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2022 жылдың 7 желтоқсанына дейін сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14307980