
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» нормативтік-құқықтық құжатының жобасын әзірледі.
Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі ҚР Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Оның қабылдануы бұйрық нормаларын «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарға сәйкес келтіреді.
Нормативтік құқықтық құжат жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 6 желтоқсанына дейін сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14305302