
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы 44-бабының 6-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Олар қорғаныс ведомствосы басшысының: «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 589; «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716, «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрықтарына қатысты.
Өзгерістер мен толықтырулар медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуге, сондай-ақ әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері үшін медициналық тексерулер жүргізуге бағытталып отыр.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 5 желтоқсанға дейін келесі сілтеме арқылы сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14304079