Қазақстанның бітімгершілік полкына 20 жыл

Қазақстанның бітімгершілік полкына 20 жыл

Қапшағай қаласындаға әскери бөлімінің бірінде қазақстандық бітімгершілік полкына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.

Шараға десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің басшылары, бітімгерлік миссияның ардагерлері, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының өкілдері, бітімгершілік полктің жеке құрамы мен отбасы мүшелері қатысты.

 «Бітімгерлер-бұл тек қорғаушылар ғана емес, жасампаздар. Олардың міндеттеріне планетадағы түрлі дағдарысты жағдайларды шешу, бейбітшілікті қолдау және жойқын қақтығыстардан кейін елді қалпына келтіру кіреді», – деді Десанттық-шабуылдаушы әскерінің басшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.

Полктің тарихы қазақстандық бітімгершілік батальонының құрылғанынан бастау алады.

2003 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қазан айына дейін Қазбаттың инженерлік-саперлік жасағы коалицияның тұрақтандыру күштері құрамында Иракта бітімгершілік миссиясын орындады. Миссия кезінде 9 ротация өткізіліп, ҚР Қарулы Күштерінің 300-ге жуық әскери қызметшісі жұмылдырылды.

2018 жылдан бастап қазақстандық бітімгерлер «ИндБат» Үнді батальоны құрамындағы «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясына қатысып, өзін нағыз кәсіпқой ретінде көрсетті. Қазіргі уақытта Ливанда 3-ші бітімгершілік ротасы бар. Бір ауысымға 4 рота дайындалуда.

Жыл сайын қазақстандық бітімгершілік полкі «Дала қыраны» және «Мызғымас бауырластық» Халықаралық оқу-жаттығуларына қатысады, онда Англия, Германия, Италия, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция және басқа да елдердің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен бірлесіп өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, бітімгершілік саласында әлемдік тәжірибе алмасады.