ҚР Қарулы Күштерінде взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде

ҚР Қарулы Күштерінде взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтуде

Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу полигонында ұрыс алаңына барынша жақын жағдайда взводтардың жауынгерлік атулары өтуде. Ол әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлықтағы кезекті шешуші кезең болып табылады.

 Атап айтқанда, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Оймаша» полигонында жауынгерлік атыстарға танк және артиллериялық бөлімшелерімен теңіз жаяу әскерлері взводы да қатысты. Теңіз жаяу әскері жауынгерлік дайындыққа келтіру, марш жасау және қалалық жағдайда ұрыс жүргізу мәселелерін пысықтады.

Дәл сол уақытта «Көктал» полигонында десанттық-шабуылдаушы әскерлердің артиллериялық бөлімшелері жауынгерлік атыстарды орындады. Артиллеристер дабыл бойынша көтеріліп, белгіленген уақытта белгіленген ауданға келіп мақсаттарды зақымдау бойынша барлық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындады.

«Артиллериялық қарулар мен минометтерден практикалық оқ ату әскери қызметшілерге теориялық және практикалық сабақтар кезінде алған білімін тәжірибеде бекітуге мүмкіндік береді. Әсіресе, олар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін маңызды, олардың көбі бірінші рет штаттық снарядпен жауынгерлік атысты орындайды», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Кан.

Жауынгерлік атыстар әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бағдарламасына кіреді және атыс даярлығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаттығу шарттарына сәйкес практикалық сабақтарда жеке құрам оны жауынгерлік қолдану барысында штаттық жауынгерлік техникада қару-жарақ кезіндегі іс-қимыл мәселелерін пысықтайды.