Талдықорғандағы әуе базасын шетелдік әскери қызметкерлер тексерді

Талдықорғандағы әуе базасын шетелдік әскери қызметкерлер тексерді

 Талдықорғандағы әуе базасын шетелдік әскери қызметкерлер тексерді

 Испания Корольдігінің бағалау тобы Франция, Германия Федеративтік республикасы инспекторларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нысанына барды.

 Аталмыш іссапардың мақсаты «Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты» шеңберіндегі жеке құрам мен негізгі қару-жарақ жүйелерін, әскери техникалар саны жөніндегі жыл сайынғы әскери ақпаратпен алмасуға қойылатын талаптарды сақтау болып саналады.

Сапардың бару орны Талдықорған қаласында орналасқан әуе базасы болды. Испаниядан келген бағалау тобына брифинг, қару-жарақтың және жабдықтардың негізгі үлгілері, оқу процесі және әуе базасы әскери қызметкерлерінің күнделікті қызметімен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру Қазақстанның осы ұйымдағы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан ішкі деңгейде және қару-жарақты бақылау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда аймақтық көшбасшы бола отырып, халықаралық шарттар мен келісімдер аясында басқа мемлекеттерді де белсенді түрде тексеріп отырады.