Қарулы күштердің объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық бекітілмек

Қарулы күштердің объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық бекітілмек

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық құжат ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 138) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр.

Регламенттеуші құжат Қарулы күштер объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі шараларын нақтылайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «электрондық үкіметтің» «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 24 қарашасына дейін мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14289237