
Алматы гарнизонында Әуе қорғанысы күштері тәрбие құрылымдарының офицерлерімен жиын өтті.
Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.
Жиынға Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Әлім Ибраев басшылық етті.
Сабақтар кәсіби шеберлікті арттыруға, әскери тәрбиешілердің педагогикалық және әдістемелік даярлығын жетілдіруге, жеке құрам арасында патриотизмді арттырып, әскери тәртіпті нығайту ісінде жүйелі жұмысты жолға қоюға бағытталды.
– Әскери тәрбиеші тәлімді ұстаз не мықты әдіскер ғана емес, психология саласынан да кеңінен хабардар болуы керек, яғни «адамның жай-күйін түріне қарап-ақ бірден білетін» болуы абзал. Мұның бәрі әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік рухын көтеру, оларды түсініп, тыңдай білу үшін қажет, – деп атап өтті бас қолбасшының орынбасары қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.
Іс-шараға Қарулы Күштердің отставкадағы ардагері генерал-майор Владимир Бондаренко қатысты, оның өмірі мен қызметі Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуымен тығыз байланысты. Владимир Петрович – өз кәсібіне адал, тәрбие құрылымының маманы. Қызмет еткен жылдары генерал бүгінде аға буынның даңқты жолын жалғастырып келе жатқан тәрбиеші офицерлер тобын дайындады. Ардагер Қарулы күштер құрылғаннан бері тәрбие құрылымдарын жандандыру үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы айтып, жеке құраммен өзінің баға жетпес тәжірибесімен бөлісті.
Жиын соңында 2022 жылғы тәрбие құрылымдарының қызметінің қорытындысы шығарылып, жеткен жетістіктер мен үздік офицерлер атап өтілді, сондай-ақ алдағы кезеңге міндеттер қойылды.