Ұлы Жеңістің мерейтойына орай ҚР Қорғаныс министрлігі акция өткізуде

Ұлы Жеңістің мерейтойына орай ҚР Қорғаныс министрлігі акция өткізуде

Қорғаныс ведомствосы «Жеңіске 75 күн» республикалық патриоттық акциясына бастама жасады. Акция 24 ақпанда басталды, яғни Жеңіске 75 күн қалғанда және оған еліміздің Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелері тартылған.

Оның мақсаты-атаулы күнге ерекше көңіл бөлу, соғыс ардагерлеріне қажетті көмек көрсету, өскелең ұрпақты және қоғамды осындай іс-шараларға тарту, отандастарымыз, ата-бабаларымыз Ұлы Отан соғысындағы ортақ жеңіс үшін жасаған ерліктері туралы тарихи естелікке құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

 Жеңіс күні жақындаған уақытты санай келе еліміздің барлық түкпіріндегі әскери қызметшілер әр түрлі формат пен көлемдегі іс-шаралармен айналысуда. Мәселен, ескерткіштерді, даңқ аллеяларын, әскери адамдар жерленген зираттарды тазалау және абаттандыру, сонымен қатар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілерімен бірге ардагерлердің қал-жағдайын біліп, олардың тұрмыс-тіршіліктеріне көмек көрсету және тағы да басқалары.

Акция аясында «Ел тірегі» әскерге шақыру кампаниясымен қатар «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау ұйымдастырылады.

Ресми түрде акция Жеңіс күніне дейін болады, бірақ аталған іс-шаралар ұдайы түрде жалғастыру көзделуде.