Құрметті Асланбек Әбдікәрімұлы!

Құрметті Асланбек Әбдікәрімұлы!

Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатындағы Жеңісіңіз бүкіл қазақстандықтарға, әскердегі әріптестеріңізге зор қуаныш сыйлап, еліміздің, Қарулы күштердің абыройын асқақтатты. 

Спорттық шеберлігіңіз бен асқан ерік-жігеріңіздің арқасында мықты қарсыластарды жеңіп шығуыңыз елдің жас спортшыларына үлгі болуға лайықты.

Қазақстан былғары қолғап шеберлерінің спорттағы мәртебесін дәлелдедіңіз. Беделді әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

Сізді жеңісіңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ел игілігі жолында талай асуларды бағындыра беруіңізді тілеймін!

Ізгі ниетпен,

генерал-полковник Р. Жақсылықов