
Сіз Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында асқан шеберлік, спортшыға тән мінез бен қажымас қайрат таныттыңыз.
Азия чемпионатының күміс жүлдегері атану – жоғары нәтиже. Бұл қажырлы еңбек пен тынымсыз жаттығудың, қарсыласқа көрсеткен ептіліктің, өзіңізге деген сенімділіктің көрсеткіші. Әлемнің мықтылары сыналған шаршы алаңда ел намысын лайықты қорғадыңыз.
Сізге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға бақ-береке, ел игілігі жолында биік жетістіктерге қол жеткізе беруіңізге тілектеспін!
Құрметпен,
генерал-полковник Р. Жақсылықов