Конференцияда ұшу қауіпсіздігін басқарудың жүйелік тәсілі талқыланды

Конференцияда ұшу қауіпсіздігін басқарудың жүйелік тәсілі талқыланды

Елордада ұшу қауіпсіздігі жөніндегі конференция ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасында өтті. Әскери ұшқыштар мен әуе инженерлер 2020 оқу жылында ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша қызметтің басым бағыттарын талқылады.

Аталмыш  конференция 2020 оқу жылында авиацияның негізгі міндеттерін орындау кезінде ықтимал қауіптерді төмендетуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Конференцияға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін бақылау бойынша департамент бастығы полковник Қайрат Баймаханов, Әуе қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысының орынбасарлары, авиациялық базаның командирлері мен орынбасарлары қатысты.

«Әлемдегі күрделі әскери-саяси жағдай әскери мамандардан білімді жаңартуды, Қарулы күштерге жаңа технологияларды тартуды, кәсібилікті арттыруды және ең бастысы – мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау жөніндегі кез келген міндеттерді орындауға тұрақты дайындықты талап етеді», – деп атап өтті ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Тұралы Қойшықұлов.

Қатысушылар Әуе қорғанысы күштеріндегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйіне салыстырмалы талдау жүргізді, ағымдағы жылғы әскери авиацияның негізгі міндеттерін нақтылап, олардың орындалу шарттарын бағалады. Бұдан басқа, негізгі қауіпті факторлар мен тәуекелдер анықталды, оларды барынша азайту үшін тиісті ұсыныстар әзірленді.

Қазақстанның Әскери-әуе күштерінде авиациялық техника паркі жоспарлы жаңартылып, жаңғыртылуда, әуеайлақтардың инфрақұрылымы дамуда, сонымен қатар авиациялық базаларды қайта құру жүргізіліп, жыл сайын жауынгерлік даярлық қарқындылығы артуда, шешілетін міндеттердің сипаты күрделенеді және спектрі кеңейтіледі. Бұл жағдайларда ұшу қауіпсіздігі үшін объективті көріністер мен тәуекелдер артады, оларды болжау, бағалау және жоспарлау, ұйымдастыру және әскери авиация міндеттерін орындау кезінде ескеру қажет.