Исламабадта Қазақстан мен Пәкістанның бірлескен әскери комиссиясының отырысы өтті

Исламабадта Қазақстан мен Пәкістанның бірлескен әскери комиссиясының отырысы өтті

Бұл Пәкістан қорғаныс ведомствосында өткен Қазақстан-Пәкістан бірлескен комиссиясының жетінші отырысы.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Қорғаныс министрліктері Халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің бастықтары полковник Олжас Құсайынов пен генерал-майор Маджид Жахангир 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастықтың қорытындыларын шығарды.

Тараптар сондай-ақ әскери білім, жауынгерлік дайындық және бітімгершілік саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттарын да талқылады.

Қорғаныс саласындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығы үнемі кеңейіп келе жатқанын атап өткен жөн.