
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық құжат ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен түскен ұсыныстар негізінде әзірленді.
Осыған байланысты «Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 және «Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің, қызметтік тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және мемлекет есебінен орталықтандырылған жылытумен қамтамасыз етілетін объектілердің тізбесін бекіту туралы» № 786 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 15 қарашасына дейін сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14275331