Мұрағаттық анықтамаларға апостиль қою ережелеріне өзгерістер енгізілуде

Мұрағаттық анықтамаларға апостиль қою ережелеріне өзгерістер енгізілуде

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы бастығы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актіні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 14-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 609-бабының 1-тармағының 15) тармақшасымен сәйкестендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен биылғы жылдың 10 қарашасына дейін «электрондық үкіметтің» «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14271614