Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері Түркия Республикасында болды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері Түркия Республикасында болды

Сапар барысында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов түрік әріптесі армия генералы Яшар Гюлермен кездесті.

Тараптар жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен "SahaExpo-2022" қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің III көрмесінде, сондай-ақ Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында болды.