
Алматы облысында авиациялық техникалық база бөлімшелерімен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті.
Бөлімді жауынгерлік даярлыққа келтіргеннен кейін, жауынгерлік есепке сәйкес 2 көшпелі жөндеу бригадасы құрылды. Олар жауынгерлік мақсаттағы ауданға жылжыды.
Оқу-жаттығуға 50-ге жуық инженер және 25-тен астам жөндеу-қалпына келтіру техникасы жұмылдырылды. Әуе кемесінің шартты апатының көрсетілген ауданында әскери қызметшілер парко-шаруашылық қызметтің негізгі элементтері мен авиациялық техникаға жерде қызмет көрсету және әскери жөндеу үшін жұмыс орындары бар жеке далалық лагерьлерді өрістетті.
Оқу-жаттығу барысында инженерлік-техникалық құрам өздерінің кәсіби дайындық деңгейін арттырды. Әскери қызметшілер маршты ұйымдастыру, жергілікті жерде бағдарлау және далалық жағдайда жұмыс орындарын өрістету бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Практикалық сабақтар жеке құрамның техниканы, соның ішінде борттық жабдық блоктарын, байланыс және навигация жүйелерін жөндеу бойынша іскерліктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

