
Оқыту ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы базасында Қазақстан мен халықаралық гуманитарлық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жылдық жоспары шеңберінде ұйымдастырылып отыр.
Аталған шара Қазақстан Республикасындағы Қызыл Крест Халықаралық комитеті миссиясының басшысы Франсуа Блансидің, Қырғызстанның және профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана нұсқаушыларының қатысуымен өтті.
Миссия басшысы Франсуа Бланси Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларындағы Қарулы күштердің үлесін кеңейту ниетін оң бағалады. Ол сондай-ақ әскери медицина орталығының әскери-медицина кадрларын сапалы даярлау ісіндегі ерекше рөлін де атап өтті.
Оқу барысында Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы мен әскери клиникалық госпиталінің мамандары әртүрлі жарақаттар кезіндегі дәрігерлік іс-қимылдар тәртібін және медициналық жабдықты пайдалана отырып, шұғыл көмек көрсету дағдыларын бекітті.