Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Грецияның әскери ведомстволары өкілдерінің кездесуі өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Грецияның әскери ведомстволары өкілдерінің кездесуі өтті

Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин Грецияның әскери атташесі полковник Матфеос Пратикакиспен кездесті.

Әскери-дипломатиялық корпус өкілін тағайындалуымен құттықтаған ол екі ел арасындағы екіжақты қатынастарды дамытудың маңызды екенін тілге тиек етті.

Полковник Валерий Вишникин Қазақстанның қорғаныс ведомствосы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастыққа әзір екенін де мақұлдады.