
Қазақстанның астанасында халықаралық форумдардың, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитін және ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізуге байланысты елордалық гарнизонның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет түріне көшті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қарулы күштердің әскери және арнайы техникадағы бөлімшелері жұмылды, олар Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп бөлінген учаскелерде тәулік бойы қызмет етуде.
Іс-шараларға қажетті дайындық деңгейі және қызметтік тәжірибесі бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тартылғанын айта кеткен жөн.