
Қорғаныс ведомствосында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы жоба әзірленді.
Аталған құжат кадрлық шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында әзірленіп отыр. Онда Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кадр органдарының бұйрықтарды қараудың, келісу және шығарудың уақытша мерзімдері белгіленген.
Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасу, кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шаралар өткізу, әскери лауазымдарға тағайындау үшін кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін нақтылайды. Бұдан басқа, келісімшарттарды жасау мен ұзарту, әскери атақтарды беру және одан айыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді ротациялау бөлігіндегі ұсынымдар да қамтылуда.
Нұсқаулықтың толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 28 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14260151