
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Мұхаммед Асифпен келіссөздер жүргізді.
Кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI Саммиті шеңберінде ұйымдастырылды.
Тараптар әскери дайындық, әскери білім мен ғылым төңірегіндегі әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.