Бакуде Қазақстан Қарулы күштері мен Әзербайжан әскері Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті

Бакуде Қазақстан Қарулы күштері мен Әзербайжан әскері Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті

Әзербайжанға жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлықтағы әскери ынтымақтастық, әскери құрылыс саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.