ҰҚШҰ оқу-жаттығуында моральдық-психологиялық қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды

ҰҚШҰ оқу-жаттығуында моральдық-психологиялық қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бірлескен «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары барысында барлық санаттағы әскери қызметшілерге қажетті іс-шараларды жүргізетін моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуші күштер мен құралдар да өрістетілді.

Моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету жауынгерлік іс-қимылды жан-жақты қамтамасыз етудің бір түрі және кез келген жағдайда әскери қызметшілердің тапсырмаларды орындауы үшін қажетті мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.

Осы мақсатта далалық жағдайда жеке құрамға қажетті ақпаратты радиогазеттер арқылы жеткізу ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында ерекшеленген үздік жауынгерлер мен бөлімшелер атап өтілмек. Әскери қызметшілерді күн сайын ақпараттандыру жылжымалы дербес тәрбие жинағы мен далалық қабырға басылымын пайдалана отырып жүргізіледі.

Ұтқыр топтар мен пункттердің құрамында әскери психологтардың жұмысы ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің психологиялық күйі зерделеніп, қажетті көмек пен кеңес беріледі. Жауынгерлердің психикасының қандай екенін мониторингтеу үшін әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға психоэмоционалды дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін газ разрядты бейнелеу камерасы қолданылады.

Жауынгерлердің моральдық жағдайының жақсы болуында мәдени-демалыс жұмысы да айтарлықтай маңызға ие. Әскерлер орналасқан ауданда жылжымалы ақпараттық кешен жұмыс істеп тұр. Оның көмегімен бейнефильмдер көрсетіліп, музыкалық радио хабарлары таратылады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы және Десанттық-шабуылдау әскерлері дайындаған концерттер әскери қызметшілердің айтарлықтай қызығушылығын тудыруда. Далалық лагерь сахнасында шығармашылық ұжымның көрсеткен өнері оқу-жаттығу атмосферасын ерекшелендіріп тұр.