Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті

Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті

Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы  генерал-лейтенант Марат Құсайынов Беларусь әріптесі генерал-майор Виктор Гулевичпен екіжақты кездесу өткізді.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері Марат Құсайынов пен Виктор Гулевичтің кездесуі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының оқу-жаттығуы аясында өтті.

Бас Штаб бастықтары Қазақстан мен Беларусь елдерінің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мәселелерін талқылап, 2023 жылға арналған өзара іс-қимылды дамыту бағыттарын белгіледі.