
«Өзара іс-қимыл-2022» Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығуы шеңберінде құрамында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және әскери медицина күштері мен құралдары бар бөлімше құрылды.
Бөлімше оқу-жаттығуға қажетті қару-жарақ және арнайы техникасымен қатысып жатқан Беларусь, Қазақстан және Ресей әскери қызметшілерінен жасақталған. Олардың практикалық іс-әрекеттері орын алуы ықтимал биологиялық қауіптерден қорғау мәселелерін шешуде ҰҚШҰ бөлімшелерінің және оған мүше елдерінің қарулы күштерін медициналық қамтамасыз етуді жедел үйлестіру деңгейін арттыруға бағытталған.
Тапсырмалар жедел жағдай аясында пысықталу үстінде. Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің қолбасшысына бағынатын бірлескен бөлімше жауынгерлік ұрыс кезінде аса қауіпті инфекцияның өршуін жою жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.
Әскери қызметшілер соңғы үлгідегі жабдықтарды қолдана отырып, объектілер мен жергілікті жерлерге биологиялық барлау, сондай-ақ жеке құрамды, әкімшілік және тұрғын үй-жайларды, қару-жарақ пен техниканы арнайы өңдеуді жүргізеді.
Оқу-жаттығу барысында бірлескен бөлімше Қазақстанның әскери медициналық мекемелері және биологиялық қауіпсіздік органдары күштерінің тартылуымен карантиндік және емдеу-профилактикалық іс-шараларды да пысықтауды жоспарланып отыр.