
Қорғаныс ведомствосы «Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Құжат қағидаларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №357 қаулысына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 28 қыркүйегіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14234609