Гвардейск гарнизонда зенитшілердің оқу-жаттығуы өтті

Гвардейск гарнизонда зенитшілердің оқу-жаттығуы өтті

Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері арасында тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Бөлімшелер құрамының әскери қызметшілері жауынгерлік техникамен тұрақты орналасу пункттерінен мамандандырылған полигонға марш жасады.

Бір айлық далалық жорықтар кезінде Құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ мамандары тактикалық, арнайы және инженерлік дайындық тапсырмаларын пысықтай отырып, есептоптардың жауынгерлік іс-қимылын үйлестіре білді.

Жеке құрам оқу-жаттығу барысында қару-жарақ пен әскери техниканы қолданып, шартты әуе нысандарын анықтау, оларды қолға түсіру, зымырандармен және зениттік қондырғылармен атып зақымдау тәсілін іс жүзінде жетілдірді.

Әскери қызметшілер позицияларды бүркемелеу, байланыс және басқару жүйесін ұйымдастыру тапсырмаларын да орындады.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің далалық жорықтарының негізгі кезеңінде ЗСУ-23-4 зениттік қондырғыларынан, «Стрела-10» және жылжымалы «Игла» зениттік-зымыран кешендерінен жауынгерлік атыстарды қамтыған тактикалық оқу-жаттығуы болды. Әуе нысаналарын зақымдау әртүрлі қашықтықтар мен биіктіктерде шартты қарсыластың әуе объектілерін имитациялайтын нысаналар арқылы жүзеге асырылды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар мұндай жауынгерлік тапсырмаларды орындау теориялық сабақтарда жинаған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде бекітуге мүмкіндік береді деп атап өтті.