Қарулы күштерде жеке құрамды есепке алу қағидалары бекітіледі

Қарулы күштерде жеке құрамды есепке алу қағидалары бекітіледі

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Бұл нормативтік құқықтық құжат қағидаларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 22 қыркүйегіне дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14227438