Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Қазақстан халқына жолдауын қолдады

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Президенттің Қазақстан халқына жолдауын қолдады

1 қыркүйек күні Қазақстан армиясының барлық әскери бөлімдерінің жеке құрамы Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын көрді.

Казармалар мен мәдени-демалыс орталықтарында, полигондар мен корабльдерде барлық санаттағы әскери қызметшілер тікелей эфирде Мемлекет басшысының қоғамға арналған маңызды саяси және бағдарламалық үндеуін көру ұйымдастырылды. Әскери қызметшілердің өмірі мен тыныс-тіршілігі Отан қорғаумен тікелей байланысты болғандықтан, Жолдау Қарулы күштер үшін аса маңызды.

– Президент Жолдауында проблемалық аймақтарды және елдің ұдайы қозғалыстағы стратегиялық бағыттарын қамтудың ауқымы мен кешенділігі ұштасатын, оның құрылымы мен нақтылығы айтылды. Жолдауда жалпы әлемдік процестердің қазіргі ұмтылысы да ескерілген, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Жолдау төңірегінде айтқан пікірлерінде әскери қызметшілер Мемлекет басшысының Қазақстанды реформалау жөніндегі шараларын іске асыру елдің қарқынды және бақуатты дамуының кепілі болатынына сенім білдірді.