Алматыда әскери білім мен ғылым мәселелері талқыланды

Алматыда әскери білім мен ғылым мәселелері талқыланды

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Қазақстанның әскери оқу орындарының басшылық құрамына оқу-әдістемелік жиын өтті.

Жиын барысында әскери оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық әлеуеті мен біліктілігін арттыру, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына үгіт-насихат-имидждік жұмыстар жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қаралды.

Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов «Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарында оқу-әдістемелік және ғылыми қызметті ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

Әскери оқу орындардың бастықтары қорғаныс ведомствосы басшысының орынбасарына қабылдау комиссиялары жұмысының қорытындылары, жаңа оқу жылына дайындық, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік аттестаттауға дайындық туралы баяндады.

Жиын соңында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов жаңа оқу кезеңіне арналған міндеттерді анықтады.