Қорғаныс министрлігінде Қазақстандағы Германияның жаңадан тағайындалған әскери атташесімен кездесу өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстандағы Германияның жаңадан тағайындалған әскери атташесімен кездесу өтті

Қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе ретінде жаңадан тіркелген подполковник Вольфганг Бауершмидтпен кездесуі өтті.
Полковник Олжас Құсайынов подполковник Вольфганг Бауэршмидтті жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы уақытта табыс тіледі.
Тараптар, сондай-ақ бітімгершілік, әскери білім беру, медицина және верификациялық қызмет саласындағы өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.