Қазақстанның әскери оқу орындарында ғылыми қызметті ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітіледі

Қазақстанның әскери оқу орындарында ғылыми қызметті ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітіледі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында осы жылдың 8 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» бөлімінде сілтеме бойынша танысуға болады:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14195561