Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрлері өзекті мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрлері өзекті мәселелерді талқылады

Ташкентте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі аясында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Раджнатх Сингхтің екіжақты кездесуі өтті.
Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.