
Құрметті Әуе қорғанысы күштерінің ардагерлері, саптағы жауынгерлер мен азаматтық персонал!
Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің ел мақтанарлық даңқты тарихы бар. Заманауи техника мен әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігінің арқасында Қазақстан аспаны сенімді қорғаныс қолында.
Сіздердің кәсіптеріңіз әрқашан құрметке ие, жауапкершіліке толы. Мемлекеттің қауіпсіздігі көбінесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери ұшқыштардың жауынгерлік дайындығына байланысты. Сіздер ел мақтанышы ғана емес, Қарулы күштердің келбеті, әскери ант пен жауынгерлік борышқа адалдықтың үлгісі болып келесіздер.
Осындай мереке күні Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ардагерлерін, барлық әскери қызметшілерді, кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, Отан игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!