Мәңгі жадымызда...

Мәңгі жадымызда...

«Қарулы Күштердің Ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі атынан Қазақстан армиясының ардагері генерал-лейтенант Федор Иванович Щербаковтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Ф.И. Щербаковтың бүкіл саналы өмірі Отанға адал қызмет етуге арналды. Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ол Қарулы күштердің құрылуына және қалыптасуына тікелей атсалысып, елеулі үлес қосты.

Ол іскерлігі, еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі, өзіне жүктелген жұмысқа деген жауапкершілігі, адалдығы, парасаттылығы және әдептілігімен жан-жағын баурап алатын адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленді.

Зейнетте болса да Федор Иванович қазақстандық офицерлердің жаңа буынына өзінің бай тәжірибесін бөлісіп, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне атсалысты.

Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады...

 

 

«ҚК Ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы

Халық Қаһарманы,

армия генералы                                     М. Алтынбаев