
«Айша бибі», «Шығыс» оқу-жаттығу полигондарындағы Құрлық әскерлері құрамалары мен бөлімдерінің тұрақты орналасу пункттерінде РХБ қорғау әскерлерінің далалық жорықтары басталды.
Басшылық жеке құрамның алдына ұрыстың жаңа әдістерін қамтамасыз етуді, тактикалық іс-қимылдың арнайы әдістері мен тәсілдерін зерделеу және пысықтау міндеттерін қойды.
– Тапсырмаларды нәтижелі орындау үшін әскери қызметшілерге ластанған жерлерде іс-қимыл жасаудың нақты практикалық дағдылары, арнайы машиналар мен аспаптарды шебер пайдалану қажет. Сондықтан оқу үрдісінде әскери қызметшілердің РХБ қорғау қару-жарағы мен құралдарының материалдық бөлігін зерделеп, тактикалық-арнайы дайындықтан өтуі үшін ұйымдастырылған, – деп түсіндірді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы полковник Әділ Маханбетов.
Жауынгерлік дайындық барысында бұл әскер тегі заманауи арнайы машиналарды – АРС-14KZ типті қорғаныс машиналарын, биологиялық барлау машинасы және басқа да жабдықтарды кеңінен қолданылады. Бұлар – МКС АТ-1117М және МКС-У дозиметрлер-радиометрлері, АР-4с және MMTD химиялық барлау аспаптары, биологиялық барлау құрылғылары, сондай-ақ «Кестрел» метео жиынтығы.
Тактикалық-арнайы сабақтарда әскери қызметшілердің инженерлік, әскери-медициналық және топографиялық дайындығына байланысты мәселелер кешені шешіледі. Сондай-ақ, РХБ қорғаныс әскерлерінің бөлімшелерін жауынгерлік үйлестіру міндеттері орындалатын болады.
Далалық жорықтар – жеке құрамның теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жетілдірудің соңғы кезеңі. Құрлық әскерлері РХБ қорғау әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері арасында өтіп жатқан жиын 12 тамызға дейін жалғасады.