Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және ақшалай өтемақы төлеу ережелері өзгереді

Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және ақшалай өтемақы төлеу ережелері өзгереді

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысы және «Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленді.

Заңда әскери қызметшіні тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін алу бөлігінде бірқатар түзетулер қарастырылған.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 5 тамызына дейін сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14162503