
Он бесінші шілдеде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің командалық және басқару пункттерінің мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Командалық пункттердің құрылған жүйесі мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскери басқару органдарын, әскери бөлімдер мен бөлімшелерді жедел басшылыққа алуды және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тыңғылықты басқару – әрқашан әскерлердің келісілген және нәтижелі әрекеттерінің кепілі. Операцияның немесе күрестің сәтті болуы ахуалды жан-жақты бағалауға, дұрыс дайындалған, уақтылы және нақты нұсқауларға байланысты.
Бейбіт уақытта олар жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне, жауынгерлік кезекшілік күштерінің әзірлігіне, елдің әуе шептерінің қауіпсіздігіне және армияның күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты шаралардың өткізілуін бақылайды.
Командалық пункттерде әскери тәжірибесі мол, жағдайды тез бағалауға және шешім қабылдау үшін қажетті деректерді дайындауға қабілетті офицерлер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікті атқарады.