
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау шеңберінде Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған өзгерістер «мүгедек» сөзінің орнына «мүгедек адам» ұғымының енгізілуіне байланысты енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына «кіші түрлер» ұғымы енгізілген.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 21 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14146331