Азық-түлік қызметі техникасын ұстау тәртібі бекітіледі

Азық-түлік қызметі техникасын ұстау тәртібі бекітіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери мүлкін (азық-түлік қызметінің техникасын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр.

Бұл нормативтік құқықтық құжат Қарулы күштерде азық-түлік қызметі техникасын ұстау және пайдалану тәртібін нақтылайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 22 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14146920