
Құрметті десантшылар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Десанттық-шабуылдау әскерлері аса күрделі тапсырмаларды орындауға арналған әскер тегі.
Десантшы болу әрбір адамның бала кезінен арманына айналған. Сіздер романтикаға толы көгілдір аспан, көк беретті мамандық өкілдерісіздер.
Десантшылардың қатарына тек ержүрек, батыл, қайтпас қайсар, жеңімпаз адамдар барады. Сол себепті «қанатты жаяу әскерлерде» кез келген биіктікті бағындыра білетін кәсіби Отан қорғаушылары қызмет етеді.
«Көк тарландары» жастар үшін әрдайым үлгі болып табылады.
Бүгінгі мерекеде сіздерге сарқылмас қуат, қызметте сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй және жауынгерлік рух тілеймін. Отанға деген махаббаттарыңыз қиындықтарды еңсеріп, тек жеңістерге жетуге көмектесе берсін!
Өмірлеріңіз қуаныш пен бақытқа толы, ал қызмет жолдарыңыз белесті болсын!