Қорғаныс министрінің Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтау сөзі

Қорғаныс министрінің Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтау сөзі

Құрметті Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары! 

Әскери-әуе күштерінің жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекелері – Қазақстан Әскери-әуе күштерінің құрылған күнімен құттықтаймын!

Әскери-әуе күштері ширек ғасырға жуық еліміздің әуе шебінің сенімді күзетінде тұр.

Әскери ұшқыштар кез келген уақытта азаматтарымыздың бейбіт өміріне төнетін кез келген қауіпке жауап беруге дайын. Қазақстандық авиаторлардың даңқты дәстүрлеріне адал әскери-әуе күштері жеке құрамының ерік-жігері мықты, кәсіби шеберлігі жоғары. Жас ұшқыштарымыз заманауи жауынгерлік машиналарды сәтті меңгеруде.

Еліміздің әуе шебінің сенімді қорғаны әскери ұшқыштарға ашық аспан, отбасыларына бақ-береке, мол бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-полковник  Руслан Жақсылықов