
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде сүңгуірлік түсулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.
2022 жылғы 2 маусымда Үкіметтің № 357 қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы ереженің жаңа редакциясы қабылданды. Осыған байланысты жоғарыда аталған құжатты қайта бекіту қажет болды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылғы 15 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14140985