
Қорғаныс министрлігінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік баспанасын жалдау шартын жасасу және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленді.
Қағидаларға сәйкес қызметтік тұрғын үйді жалдау мәселесі бойынша қызмет тек «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Бұл осы мәселені шешу кезінде адами фактордың әсерін болдырмайды. Қызметті электрондық форматқа ауыстырудың арқасында оны алуға қажетті құжаттар тізімі қысқартылды.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен жоғарыда көрсетілген ақпараттық ресурста «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 шілдесіне дейін сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14136989