
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі заман талабы ақпарат беру тәсілдері мен арналарын өзгерткенімен, журналист мамандығының ақпаратты қоғамға шынайы, объективті түрде жедел жеткізудегі мән-мақсаты өзгере қойған жоқ.
Шынайы көзқарас, тегеурінді табандылық, қайтпас қайсарлық және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін Сіздерге алғысым шексіз! Біз үшін сіздердің бір ауыз жылы сөздеріңіз де, сыни пікірлеріңіз де ерекше маңызға ие.
Біз сіздердің әскерді жаңғыртуға және техникамен жарақтандыру мәселелеріне, Қарулы күштерінің беделін арттыруға және жастарды патриотизмге тәрбиелеу ісін дамытуға қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз.
Сіздерге мықты денсаулық, жарықтың жылдамдығындай жоғары жылдамдық, сарқылмас оптимизм, отбасылық игілік және шығармашылық шабыт тілеймін!
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі Р. Жақсылықов