Әскери сүңгуірлер қысқы сүңгуді орындайды

Әскери сүңгуірлер қысқы сүңгуді орындайды

Ашық теңізде қысқы жағдайда сүңгу дайындығы бойынша сабақтар Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның батысында өтуде.

Сүңгуір ісі жөніндегі нұсқаушылардың басшылығымен білім алушы жеке құрам теорияны зерделеп, төмен температура кезінде сүңгуірлердің іс-әрекетінің практикалық дағдыларын пысықтайды. Айта кету керек, Каспий теңізіндегі қазіргі су температурасы Цельсия шкаласы бойынша + 3 градус.

Суға батқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Кез келген ауа райында, күндіз және түнде де, суық суға түсу барлық әскери сүңгуірлер үшін міндетті жаттығулардың бір бөлігі ғана.