
Маңызды жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде Талдықорған қаласының әуе базасы таңдалып отыр.
Осы орайда әуе базасына инфрақұрылыммен және техникалық мүмкіндіктерімен танысу үшін Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев және 30-дан аса отандық IT-компаниялардың топ-менеджерлері келді.
Цифрлық индустрияның көшбасшылары ақысыз негізде күнделікті рәсімдерді автоматтандыру және қағазбастылықтан құтылу үшін көптеген шешімдерді ұсынуға әзір.
Жобаны әзірлеушілердің жоспарында – БӨП жүйесінен бастап материалдық-техникалық қорларды, қару-жарақ пен кадрларды есепке алуға дейінгі барлық процестерді технологиялармен қамту да бар.
- Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерін заманауи құрылғылармен жабдықтауды одан әрі ауқымды қамту үшін тиімді пилоттық жоба шешімдерді іріктеуді жүргізіп отырмыз. Ол жағдайды жедел бағалау және әскери бөлімді тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етіп, жауынгерлік әзірлікті арттыру бойынша бірінші кезектегі міндеттерді орындау үшін әскердің уақытша, қаржылық және адами ресурстарын босатуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.
Жобаны биылғы жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр. Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде одан әрі тарату үшін арнайы комиссия қолдануға
едәуір тиімді IT-технологияларды іріктеуді жүзеге асырады.