Қазақстан мен Түркияның әскери барлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы НҚА жобасы дайындалды

Қазақстан мен Түркияның әскери барлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы НҚА жобасы дайындалды

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат биылғы жылғы 10 мамырда Анкарада (Түркия Республикасы) қол қойылған Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы Хаттаманың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.

Хаттама екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған және әскери барлау ақпараттарын алмасу міндеттемелерін, шарттары мен тәртібін айқындайды.

Оны іске асыру тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте Қорғаныс министрлігіне көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен интернет-порталдағы ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14132245 сілтемесі бойынша а.ж. 7 шілдесіне дейін танысуға болады.