
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери мұрағаттар, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы биылғы жылғы 10 мамырда Анкарада (Түркия Республикасы) қол қойылған Хаттаманың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.
Нормативтік құқықтық акт мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және дамытуға бағытталған. Ол мұрағаттар, тарих, мұражайтану және әскери тақырыптарға қатысты жарияланымдар саласында өзара қызығушылық тудыратын іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен интернет-порталдағы ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14132249 сілтемесі бойынша а.ж. 7 шілдесіне дейін танысуға болады.